Baha Puper лақапатымен танылған блогер Бахитжан Акпаров ұлты басқа екенін айтты. Бұл туралы ол Taboo бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің сөзінше, бұл оның ұзақ уақытқа дейін жасырған құпиясы болған.
"Қазақ емеспін. Бұл нәрсені ешкім білмейді. Достарым, қасымда араласатын блогер достарым біледі. Бірақ халық білмейді. Ұйғырмын таза, мамам да, папам да. Блогерлікті бастаған кезде де қазақ контентін бастадым. Сол себепті ешқай жерде айтпадым. Әр тұлғаның өзінің бір секреті болады. Достарым жастарын, қыздарын жасырып жүрді. Осы күнге дейінгі секретім осы болды. Көп жерде айтпағанмын. Іштей халық басқаша қабылдай ма деген нәрсе болды. Қазір айтатын уақыты келген сияқты", - дейді блогер.
Baha Puper мектепте де, университетте де қазақша оқығанын айтты.
"Кішкентай кезімнен мектепті де, университетті де қазақша оқығанмын. Сол себепті ұйғыр достарым жоқ. Тілін білемін. Үйде ұйғырша, қазақша араластырып сөйлей береміз", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!