inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский қазақстандық Камила Лұқпановамен отау құрды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығын кәсіпкер әлеуметтік желіде бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Танымал кәсіпкер әрі меценат Арсен Томский бұған дейін сүйіктісіне ұсыныс жасаған суретін жариялаған еді.
Кәсіпкер мен оның сүйіктісі туралы не белгілі?
inDrive негізін қалаушы Арсен Томский 2022 жылы компаниясының кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшіріп, кейін Қазақстан азаматтығын алған. 2024 жылғы мамырда Арсен Томский 920 миллион доллар байлығымен Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлері рейтингінде 10-орынға ие болды.
Ал Камила Лұқпанова бұрын Almaty Tourism Bureau-сын басқарған.
Томский бұған дейін де отбасын құрған, оның екі қызы бар. Камила Лұқпанова да бір қыз тәрбиелеп отыр.
Үйлену тойы кеше Ыстамбұлда өтті. Тойға қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, Technodom компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Эдуард Ким, Astana Group компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Смағұлов, Forbes Kazakhstan баспагері және Tan Media Group иесі Арманжан Байтасов, BI Group негізін қалаушы Айдын Рахымбаев, сондай-ақ, ресторатор Александр Скрипин де қатысты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz