- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қазақ десең, өзіңе...
"Қазақ десең, өзіңе тиеді". Бурак Озчивиттің жанкүйерлерімен кездесуіндегі көрермендердің әрекеті жаға ұстатты
Әлеуметтік желіде кеше Алматыда өткен түрік актеры Бурак Озчивиттің жанкүйерлерімен фан-кездесуінен кадрлар тарап жатыр. Видеода қазақстандықтардың суретке түсу үшін сахнаға жүгіріп, әртісті қоршап алғанын көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода фильм сүйер қауымның өрескел әрекеті көрінеді. Жазба авторының айтуынша, адамдардың кесірінен олардың қымбат жабдықтары сынып қалуы мүмкін еді.
"Ұят! Бүгін мен испандық ұятты сезіндім.. Адамдар өздерінің барлық мәдениеті мен жабайы табиғатын көрсетті. Әншілерге де, актерге де құрмет жоқ. Сөз жоқ. Қазақ десең, өзіңе тиеді!
Жабайы адамдар! Ұят! Концерт аяқталғаннан кейін, перденің жабылғанына қарамастан, адамдар қымбат жабдықтардың бар екенін ескермей, сахнаға қарай жүгіре бастады", - деп жазған жазба авторы.
@maavioli Жабайы адамдар!СТЫД, ПОЗОР!После окончания нашего концерта,занавес закрыли а люди начали нагло забегать не учитывая даже того, что там находились наши дорогие оборудования….. #burakozcivit#рекомендации#алматы ♬ оригинальный звук - Maavioli
Жазба астында Желі қолданушылары қазақстандық жанкүйерлердің іс-әрекетіне наразылық білдірді.
"Мен Астандағы көрмеден кейін ешнәрсеге таңғалмаймын", "Осыдан кейін Борат фильмі үшін ренжиді", "Үйiне алып кетпегеніне шүкір", "Намыс бітіпті ғой бізде. Ұят, өлді", "Дым көрмеген адамдар", "Қазақстанға енді келмеспін деген шығар", "Түк көрмегендік", "Бурак таңғалған шығар", "Не болды соншама", - деп жазған желі қолданушылары.
Айта кетейік, кеше Бурак Озчивит Шымбұлаққа барып, әлеуметтік желідегі парақшасына бүркітпен түскен және қазақтармен бірге жүрген бірнеше фотосын жүктеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жаңбыр қандай жылдамдықпен жауады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә