- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қайыршылықтың иісі кетпейді"....
"Қайыршылықтың иісі кетпейді". Дариға Бадықова фильмінен түскен пайдадан актерлерге пайыз бермейді
Актриса Дариға Бадықованың түсірген фильмі рекорд орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Таптым-ау сені" романтикалық комедиясының кинотеатрлардан көрсетіле бастаған 10 күн ішінде миллиард теңгеден астам табыс тапқан.
Дариға Бадықова НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында фильмнің бокс-офисінен түскен пайдадан актерлерге сыйақы бермейтінін айтты.
"Бізде енді ондай жоқ, бізде өре жетпейді әлі. Бірдеңе айтсам, алып тастарсыз. Бізде әлі қайыршылықтың иісі кетпейді. Солай айтатын едім. Қайыршылықтың иісі әлі тұр бізде. Әрине, ол нәрсе актер үшін де, продюсер үшін де, режиссер үшін де үлкен жетістік, сен қалай десең де", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін актриса Дариға Бадықова продюсерлік қабілетін шыңдап, "Таптым-ау сені" фильмін түсіргенін жазған едік. Ол 1 желтоқсаннан бастап үлкен экранға жол тартты. Фильмнің түсірілім барысында болған қызық оқиғалар туралы Дариға Бадықова Massaget.kz тілшісіне айтып берген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан