Жұлдыз Әбдукәрімова қайын інісі, әнші Заңғар Нұртастың қуанышына құтты болсын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы сторисінде Заңғар Нұртас пен әйелінің фотосын жүктеп, оларға тілек жазған.
"Алла некелеріңді қайырлы қылсын, жұптарың жазылмасын", - деп жазды ол.
Алайда тойда жүргенін көрсететіндей ешбір фото-видео салмады.
Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасы әнші Заңғар Нұртастың әйелінің ұзату тойына бармағанын жазған едік. Ал тойда Заңғар Нұртастың екінші ағасы Аян Нұртас пен әйелі Әйгерім Саркенова және оның ата-анасы жүрген. Бұл туралы Желі қолданушылары жазды. Айтпақшы, бұл тойға Қайрат Нұртастың өзі де келіп, ән салған.
Ал Жұлдыз Әбдукәрімова бұл уақытта Астанадан Алматыға ұшып бара жатқан сәтінен видео жүктеп, Алматыға ұзақ іссапары басталғанын, үлкен жобаны қолға алғанын жазған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!