- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қайын атаның қадірі...
"Қайын атаның қадірі кеткен заман-ай". Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні елді шошытты
Танымал актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшораға келіні пранк жасап, көпшіліктің талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара есімді желі қолданушысы актермен бірге тамақтанып отырған бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Видеоға 33 мыңға жуық лүпіл басылып, 900-ден астам пікір жазылған.
Пранк кезінде келіні Жүсіп Ақшораға бірнеше әндерді жоғары дауыспен орындап, түрлі әзілдер айтады.
@dinara_sailaubaikyzy ҚАЙЫНАТАМА ПРАНК ? Атам: ертең гастрольге кетемін ұзақ уақытқа деген соң, атаммен бір видео түсіріп алайын, пранк жасап көрейін дегем ғой, ойыма келген бар идеям осы болды енді ? Пранк жасауға қандай күшті идеяларыңыз бар, жаза кетіңіздерші?? #пранкрек #пранкнадпарнем #рекомендации #атакелін #енекелін #келін ♬ оригинальный звук - Dinara_Sailaubaevna
"Атам ертең гастрольге кетемін ұзақ уақытқа деген соң атаммен бір видео түсіріп алайын дегем ғой. Ойыма келген бар идея осы болды", - деп жазды актердің келіні.
Желі қолданушылары "қайынатаның да қадірі кеткен заман-ай", "келіні өзінен өткен екен", "атаның топырағынан", "келіні қатырды", "айтарға сөзім жоқ", "мен ұялып кеттім ғой", "ішегім қатып өлдім-ау" деп жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы