- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қайтыс болды" деді....
"Қайтыс болды" деді. Бақыт Шадаева үшінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шадаева "Менің өмірім" бағдарламасында өмірінде болған қиын сәтпен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші үшінші күйеуіне 2 жыл кездескеннен кейін тұрмысқа шыққанын айтты.
"Екінші рет ажырасқаннан кейін бірталай жыл өтті. Ол да ажырасқан жігіт, менен 5 жас үлкен болатын. Маған қатты көңіл бөлді, жағдайымның бәрін жасауға тырысты. Арада 2 жыл өтті. Содан соң ол "біз екеуміздің кездесіп жүргенімізге 2 жыл болды, бала бола ма" деді. Сол сөзге ердім де, бірден көндім. Ол кезде біз Америкада болатынбыз. Мен бүкіл Американы аралап, гастрольдік сапарда жүрдім. Сол кезде екеуміз бірге жүрдік. Америкада екі айдай болдым. Сол жерде жүріп аяғым ауыр болып қалды. Аяғым ауыр болғанда менің қуанышымда шек жоқ болды. 18 жылдан кейін мұндай бақытты сезінген уақытта көзіме ештеңе көрінбеді. Аналық махаббатым оянып, ерекше сезімде жүрдім. Ештеңені білмеймін, байқамаймын, тек соған ғана көңіл бөліп жүре бердім. Соның арасында күйеуім басқа әйелдерге кетіп қалып жүр екен, мен оны білмеймін", - деді ол.
Алайда әнші жүкті кезінде күйеуінің жоғалып кеткенін айтты.
"Сол кезде оның заң алдында жауапкершілігі болған, ол кетіп қалды. Мен не болғанын білмеймін, маған мүлдем ештеңе айтпай, жоғалып кетті. Мен іздеп бастағанда маған оның бір досы "ол қайтыс болды" деді. Осыны айтқан сәтте мен келесі күні баланы кесар тілігі арқылы дүниеге алып келдім. Осы сәтте қатты жыладым. Өте қатты ауыр тиді. Өйткені баланың әкесі болса екен деп қалаған болатынмын.
Жалғыз қалдым. Кесар болғаннан кейін 2 жылдай жүре алмай қалдым. Бел омыртқаммен проблемалар болды. 2008 жылы осы екінші қызым дүниеге келгеннен бастап, сахнада сәл алшақтай бастадым.
2 жылдай жүре алмай қалдым ғой, аяғыма тұрғаннан кейін оның туған жеріне ұшып бардым, "не болып қалды, қайда, маған оны тауып беріңдер, жатқан жерін көрсетіңдер" дедім. Барып көңіл айтайын, көрейін, білейін дедім. Барсам, ондай ештеңе жоқ, ол кісі заң алдында жауапкершілігі болғандықтан, шектеулі деді.
Содан соң отырған жеріне іздеп бардым, ол "Бақыт Шадаеваның кім екенін танымаймын" депті. Содан жылап-жылап үйіме қайттым", - дейді Бақыт Шадаева.
Әнші кейін күйеуінің ақша сұрап хабарласқанын айтты.
"Үлкен қызымды тұрмысқа беріп, енді шығарып салып отырған кезде қоңырау келді. "Моя Бахи" дейді, олай тек сол жігіт айтатын. Не айтарымды білмей тұрып қалдым. Кездесіп, сөйлесейік деді, келістім. Кездескенде сөйлесіп отырған кезде алдымда мүлдем басқа адам отырды. Ойы да, айтқан сөзі де басқа. Қызымды қалай екен деп бір ауыз сұраған да жоқ. Қалағаны – ақша. Мен шынымды айтсам, соны күтіп жүрдім. 7-8 жылдай күттім. Бірақ ол күтетін адам емес екенін түсіндім. Оның үстіне тағы да жанұя құрыпты, балалары бар екен. Одан кейін ешкімді өзіме жақындатпаймын. Өнерімді жалғастырып келе жатырмын. Бұл өмір. Өмір тек күлкіден тұрмайды, оның өз қиыншылықтары бар", - дейді әнші.
Оқи отырыңыз: "Түсіме де кірмейді". Наркенже Серікбаева өмірден өткен жолдасы туралы алғаш рет айтты
А. Жапатова