“Қайтем енді, көндік“. Мәдина Сәдуақасова отбасылық өмірдегі өкінішін бөлісті

“Қайтем енді, көндік“. Мәдина Сәдуақасова отбасылық өмірдегі өкінішін бөлісті
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың келін, жар атанғанына биыл он жыл болды. Әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болман, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сияқты той жасағысы келетінін, алайда бұл мүмкін емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Revue News бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады. 

Әдетте ерлі-зайыптылар атаулы датаға орай неке жаңғыртып, той жасайды. Жақында тұрмысқа шыққанына он жыл толатын Мәдина Сәдуақасова той тойлауды, жиын өткізуді жақсы көретінін, алайда күйеуі мұндайға көңіл аудармайтынын жеткізді.

"Бізде мұндай той болмайды-ау. Әрі кетсе үйде тойлануы мүмкін. Ал бірақ менің ішімде "әттең" деген ой бар. Себебі мен осындай жиын-тойды жақсы көремін. Бүкіл достарыңды, жақындарыңды, әріптестеріңді жинап, у-шу болып, осындай той жасаған ұнайды маған. Қайтем енді? Он жылым бекерге кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Сондықтан соңында "жарайды енді, көндік" дейді екенсің", - деп ағынан жарылды әнші. 

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үйлену тойына да жалғыз келген. Тойға шақырылған қонақтардың тізімінде күйеуінің де есімі болғанымен, тойға келмепті. Мұның себебін Мәдина Сәдуақасова күйеуінің әлі де болса жұлдызды отырыстарға бой үйретпегенімен түсіндірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева