- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қайсысы пайдалырақ: 10...
Қайсысы пайдалырақ: 10 мың қадам жүру немесе 30 минут жүгіру?
Арықтауға арналған кең тараған кеңестің бірі - көбірек жаяу жүру. Көшеде серуендеу - өмірге көбірек физикалық белсенділікті қосудың қарапайым және қолжетімді әдісі. Күнде 10 мың қадам жүру керек дегенді естіген боларсыз?! Бұл санды дәрігерлер емес, маркетологтар ойлап тапқанын да білетін боларсыз. Ұзақ уақыт серуендеуге уақыт бөле алмайтын адамдар не істейді? Дене сымбаттылығын сақтау үшін 10 мың қадам жүру немесе 30 минут жүгіру пайдалы ма?
Бұл сұраққа Бостондағы Brigham and Women's Hospital зерттеушілері жауап іздеді.
Ғалымдар не білді?
Ғалымдар 4 жыл бойы 62 жастан жоғары 15 000 әйелдің мәліметтерін зерттеді. Әр қатысушы белсенділік деңгейін зерттеуге арналған фитнес-браслет тағып жүрді. Оған қоса, әйелдер жыл сайын анкета толтырып, өз денсаулығы жайлы сұрақтарға жауап берді.
Жұмыс авторлары күніне 8000-нан 8500-ге дейін қадам жасағандар 3000 қадам жасағандарға қарағанда жүрек-қан тамырлар ауруын 40%-ға төмендеткенін анықтаған.
Оған қоса, күніне 75 минут белсенді жаттығу дәл осындай нәтиже берген және салмақты азайтуға, ұзақ өмір сүруге де сондай маңызды болған.
Кез келген қозғалыс пайдалы
Егер күні бойы ұзақ жүруге мүмкіндік болмаса, кешкісін жаттығу жасауға аздап уақыт бөлуге тырысыңыз. Егер керісінше, спортзалға барғанды жақсы көрмесеңіз, бірақ серуендегенді ұнатсаңыз, жаяу жүруді таңдаңыз. Кез келген белсенділік күні бойы мүлдем қозғалмағаннан жақсы.
Оқи отырыңыз: Жүгіруді жаңа бастағандарға кеңестер