- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қайратқа берген жауабы...
"Қайратқа берген жауабы ғой". Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңалығы көпшілікке ұнамай қалды
Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында ән айтқан видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда оның оқырмандары мұны жаратпай, көпшілігі оған ән айтпауға кеңес берген.
"Барлығы дұрыс қой, бірақ… неге мына заманда елдің бәрі Скриптонит, елдің бәрі Қайрат Нұртас болғысы келеді? Әр адамға несібе мен бақты әу баста, "О"жақта өлшеп, жазып қоятынын ұмытпайықшы. Ал кадрдағы актер ешкімге еліктемейтін, өнерде өз бағытын нық таңдаған жас өнерпаз. Біздің айтқымыз келгені ешкімге еліктемей, өзіңіз дара болыңыз, Жақында әннің толық нұсқасын менің ютуб арнамнан тыңдай аласыз", - деп жазды ол.
Оның бұл жазбасының астына оқырмандары "Ән айту сіздікі емес екен, сіз табиғи өте сұлусыз және мықты актрисасыз", "Жұлдыз ханым, ренжімеңізші, жараспайды сізге, кинода ғана жарасады", "Жұлдыздың Қайрат Нұртасқа берген жауабы ғой", "Дауысың әлі баланың дауысы сияқты. Кішкене жүрек қосып айтып көрмесең. Өз ойым", "Жұлдыз ханым... сіз актриса болып жүре бергеніңіз дұрыс ау..", "Ән айтпай-ақ қойыңыз", "Дауыс - 0" деп жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан