- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қайрат Нұртастың әйелі...
Қайрат Нұртастың әйелі тілін ұзарту үшін ота жасады (видео)
Жұлдыз Әбдукәрімова жақында өзіне ота жасалғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдыз Әбдукәрімованың тіл жүгеншігі қысқа болған.
"Алдымен өзім деген оқырмандарыма алғыс айтқым келіп тұр. Уайымдап, шыр-пыр болып жатқан.
Айтайын дегенім мынау ғой, өткенде тісімді емдетпек болып, дәрігерге бардым. Аузымды әбден шұқып болып, түрі бұзылып кеткен дәрігер “…сізбен біздің бас хирург сөйлеседі”- деді. Тісіме хирургтың қатысы қанша деп таңдандым.
Сөйтсем, менің тілім қысқа екен. 35 жыл неге үн қатпай көп нәрсеге шыдап келгем десем “…шешім біреу, тіліңізді ұзарту керек”- деді. (подрезание уздечки языка)
Сөйтіп, хирургтың столынан бір-ақ шықтым. Ойбайлатып, сүйегі жоқ қызыл тілді кесті де ұзартып берді. Енді менің де тілім ұзын", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың анасын сынға алғанын жазған болатынбыз.
А. Жапатова