Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова ауруханаға түсіп қалды. Бұл жайлы актриса өзінің инстаграм-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдыз Абдукаримова екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханаға жатқызылғанын айтты.
"Сәлем, достар! Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсемін. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет", - деді актриса.
Сондай-ақ ол карантин кезінде уақытылы ем қабылдамағанын айтты.
"2016 жылдан бері бас бойынша ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақилыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына немқұрайлық танытыппын", - деді актриса.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!