- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қайрат Нұртастың әйелі...
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова енді театрда өнер көрсетеді
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы енді театр сахнасынан көретін боламыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қайрат Нұртастың әйелі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Атыраулық көрермен, сіздермен көрісуге асығып келемін. "Махаббат, қызық мол жылдар". Тетар сахнасын, көрерменді сағындым. Театрда кездесейік. Қойылымға келіңіз", - деп жазды ол.
Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің актрисалық мансабына толықтай кіріскен сияқты. Желіде жариялаған контентінен қойылымға қызу дайындалып жатқаны байқалады.
"Келген бойда дайындыққа кірісіп кеттім. Онсыз көрерменнің алдына шығуға болмайды", - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова жақында әлеуметтік желідегі ақындар арасында байқау өткізген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева