Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің әріптесі, продюсер Гүлзира Айдарбекованың ерекше сыйлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Алагөзованың айтуынша, Қайрат Нұртастың анасы оның офисіне ерекше сыйлық жіберген.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Маған тағы бір сыйлық келді. Кімнен десеңіз, Гүлзирадан. Гүлзира - менің әріптесім, продюсер және әнші Қайрат Нұртастың анасы. Гүлзира, сіз ғажайыптардың жәрмеңкесі сияқтысыз. Неткен керемет сыйлықтар! Гүлзира, сізге үлкен-үлкен рақмет! Тіпті суға түсетін киімге дейін беріп жіберіпті", - деді Баян Мақсатқызы әріптесі жіберген қорапты ашып жатып.
Гүлзира Айдарбекова жіберген қораптың ішінде қыз балаларға арналған киімдер, аяқкиім және қуыршақ бар екен.
"Гүлзира Алисаның аққұба, Алмушаның қараторы екенін сезгендей. Тура өздеріне ұқсайтын қуыршақ жіберіпті. Мынаны Алисаның, мынаны Алманың бөлмесіне апарып қоямын", - деді Баян Алагөзова.
Еске салайық, Баян Мақсатқызының Алиса есімді қызына жақында бір ай толған еді. Жақында Баянның ЭКО көмегімен балалы болғаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!