Жақында ғана қамаудан шыққан танымал әнші Қайрат Нұртас фанаттарының арасында түскен видеосымен желіні шулатып үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртасты қаумалаған қыздармен түскен видеосын жариялады.
"Кеше Астана қаласынша дүкен аштық... Кім қалай еңбек етсе де абыройымен болсын, ең бастысы таза қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Бай қуатты болайық!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікірі екіге бөлінгенін байқауға болады. Оқырмандардың бір тобы әншіні қаумалаған қыздардың қылығын жақтырмай "Жас қыздар, біреудің байына жабысып не көрінді сонша? Намыс, ұят қалмаған", "Адам көрсе ұялады, Құдайға осылай табынса ғой" деп жазып жатса, енді бір тобы сүйікті әншісінің бостандыққа шыққанына қуанып, жүрекжарды лебізін білдіріп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз