Қайрат Әділгерейдің әйелі әртіске тұрмысқа шығудың кемшіліктерін айтты

Танымал әртіс Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман өнер адамына тұрмысқа шығудың кемшіліктерін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында көлемді жазба жариялады. 

"Әртістің, оның ішінде жүргізушінің әйелі болып тойға, кешке барғандағы кемшіліктер: әрдайым жалғыз отырасың, вальс билей алмайсың, тойдан жалғыз қайтасың, өйткені ертерек кетесің, фотоға да жалғыз түсесің, оған қоса қалай жүргізеді екен деп қобалжып отырасың", - деп тізіп өтті ол. 

Бақыт Тұрман жазбасының соңын әзілмен аяқтауды жөн көріпті. 

"Қысқасы, кеше есімде қалған әзіл:
Бір бала ән айтыпты:
"Анаааа, мен сені меккеге апарамын" деп.
Сөйтсе, Меккеде тұратын бала:
"Анааа, мен сені қайда апарамын?" деп әндетіпті. 
Өмірімде есімде қалған бір әзіл шығар.
Қайрат Әділгерей, тойды жақсы басқарады екенсіз, тойға қанша аласыз?", - деп жазды ол күйеуінің әлеуметтік желідегі парақшасын белгілеп. 

Әзілкеш болса "Сізге тегін" деп жауап беріпті. 

Еске салайық, былтыр актер Қайрат Әділгерей әйелінің арманын орындап, оның қалауындағы көлікті әперген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!