Қай өңірлерде егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген?

Қай өңірлерде егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз бен 54 үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз, 54 үшем тіркелген. Бұл кезеңде төртемдер дүниеге келмеген.

Егіздер бойынша

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр: 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) бар.

Үшемдер бойынша

Үшемдер бойынша Түркістан, Атырау облыстары және Шымкент қаласы алда. Әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, яғни 9 нәресте дүниеге келген.

Елдегі туу көрсеткіші

Айта кетейік, қаңтар-сәуір аралығында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жеткен. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget