Қазақстанда 10 044 673 ер адам бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда ерлердің орташа жасы - 31,1 жас.
2025 жылы жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі - 51,6 пайыз немесе 4,8 млн ер адам. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6 пайыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1 пайыз.
Айта кетейік, Қазақстанда биылғы бес айдағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед, Рамазан есімдері жиі кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!