Қазақстанда 10 044 673 ер адам бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жас ерекшелігі бойынша:
Қазақстанда ерлердің орташа жасы - 31,1 жас.
- 0-15 жастағылардың үлесі - 30,2 пайыз;
- 16-60 жастағылардың үлесі - 56,5 пайыз;
- 61 жас және одан жоғарылардың үлесі - 13,3 пайыз.
Қай өңірде ер адамдар көп?
- Алматы қаласында 1,1 млн ер адам бар;
- Түркістан облысында 1,1 млн ер адам бар;
- Алматы облысында 806,5 мың ер адам бар;
- Астана қаласында 785,4 мың ер адам бар.
Қай салаларда ер адамдар көп?
2025 жылы жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі - 51,6 пайыз немесе 4,8 млн ер адам. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6 пайыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1 пайыз.
- Өнеркәсіпте 16,5 пайыз;
- Көтерме саудада 14 пайыз;
- Ауыл шаруашылығында 12,4 пайыз;
- Көлік және қойма саласында 11,1 пайыз;
- Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7 пайыз.
Айта кетейік, Қазақстанда биылғы бес айдағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед, Рамазан есімдері жиі кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова