1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Ұлттық статистика бюросы мерекеге орай статистика жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда қанша бала бар?
Жыл басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл - республика халқының жалпы санының 33,6 пайызы.
Балалардың 62,3 пайызы қалаларда, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ұл балалардың үлесі - 51,4 пайыз, қыз балалардың үлесі - 48,6 пайыз.

Қай өңірде бала саны көбірек?
Балалардың ең көбі республиканың мына үш өңірінде тұрады:
- Түркістан облысында 910,4 мың бала (13,2 пайыз);
- Алматы қаласында 688,9 мың бала (10 пайыз);
- Алматы облысында 572,3 мың бала (8,3 пайыз).
Айта кетейік, кейінгі 5 жылда бала саны 4,4 пайызға өскен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова