- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қай кезде кредит...
Қай кезде кредит алудың қажеті жоқ?
Қазір тұтынушылық кредиттерге сұраныс өсіп келеді. Fingramota.kz қарыз алу кезінде сіздің тәуекелдеріңізді азайтуға көмектесетін негізгі қағидаларды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кредиттің мақсатын анықтаңыз
Ең алдымен кредитордан қандай мақсаттар үшін қарыз алатыныңызды анықтаңыз. Қарызды ресімдеудің негізгі мақсаты сіздің жедел тілектеріңізді орындау емес, белгілі бір қаржылық мәселелерді шешу болуы тиіс екенін есте ұстаған жөн.
Мысалы, егер сіз біліктілікті арттыру үшін кредит ресімдесеңіз, онда болашақта бұл шығындар еңбек нарығындағы «құныңызды» арттырады, кредит алып ресімделген соңғы үлгідегі гаджет белгілі бір уақыттан кейін ескіреді және оның құны сіз ресімдеген қарыз сомасынан әлдеқайда арзан болады.
Сондықтан, әрқашан, қандай да бір мақсатқа кредит алмас бұрын, мұқият ойланған дұрыс. Кемшіліктері мен артықшылықтарын өлшеп, шығындарыңыз бен кірістеріңізді есептеңіз. Егер сіз жұмыс орнын ауыстыруды немесе демалысқа кетуді жоспарласаңыз, онда бұл кредит алудың ең жақсы уақыты емес шығар. Қарыз бойынша төлемдер төлем кестесіне сәйкес жасалуы керек екенін түсіну маңызды. Кредиттің сіздің бюджетіңізге сәйкес келетінін анықтау үшін сіз ай сайынғы төлем мөлшерін білуіңіз керек. Банкке ай сайын төленетін жалпы сома сіздің кірісіңіздің 20-30%-ынан аспайтын кезде өте қолайлы.
Бірнеше кредиттік ұйымның ұсыныстарын салыстырыңыз
Өзінің төлем қабілеттілігін және қарыздың орындылығын бағалаудан басқа, бірнеше банктердегі немесе МҚҰ-дағы кредиттер бойынша талаптарды талдау қажет.
Бүгінгі күні онлайн кредиттер өте танымал, оларды қарыз алушыға арнайы талаптарсыз «15 минут» ішінде алуға болады. Бірақ мұндай кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болатынын есте ұстаған жөн, өйткені мұндай қарыздың құнына қайтарылмаудың барлық ықтимал тәуекелі енгізілген.
Сондай-ақ, интернет кеңістігінде 0%-бен деп жарнамаланатын кредиттер жиі кездеседі. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қоспағанда, мұндай қарыздарды беру тиімсіз, сондықтан мұндай кредиттер қарыздың барлық сомасына есептелетін үлкен комиссияларды білдіреді немесе бұл алаяқтық схемалар болуы мүмкін.
Тек жарнамаға немесе туыстарыңыз бен таныстарыңыздың кеңестерін тыңдауға сенбеуіңіз керек. Қарыздың барлық талаптарын өз бетіңізше зерттеп, дұрыс таңдау жасаңыз. Банктердің кредиттің талаптарына қатысты толық ақпаратты ашу міндеті заңнамалық тұрғыдан көзделген. Яғни, банк шарт жасасқанға дейін сізде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде ЖТСМ мөлшері және кредитті өтеу әдісі бойынша кеңес беруге міндетті.
ЖТСМ номиналды сыйақы мөлшерлемесінен несімен ерекшеленеді?
Қарыз алушы кредит алу қарыз сомасын, есептелген сыйақыны (номиналды мөлшерлемені) қайтарумен ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссияларды, төлемдерді төлеумен де байланысты екенін білуі қажет.
ЖТСМ – бұл банк пен МҚҰ қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі, оған қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық комиссиялар, төлемдер, яғни кредит бойынша артық төлемнің нақты көрсеткіші кіреді.
Номиналды мөлшерлеме – бұл комиссиялар мен басқа төлемдерді есепке алмағанда, қарызды пайдаланғаны үшін ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.
Сондықтан ЖТСМ банктің кредит бойынша сыйақысын (пайыздарды) ғана емес, сонымен қатар қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық басқа комиссияларды, төлемдерді ескеретін негізгі мөлшерлеме болып табылады.
Осыған байланысты номиналды пайыздық мөлшерлемеге назар аудару қажет, ол ЖТСМ-ды емес, тек пайыздарды (банктің сыйақысын) ғана ескереді.
Сізге ыңғайлы өтеу әдісін таңдаңыз
Негізінен банктер барлық жерде аннуитеттік әдісті ұсынады, онда кредит мерзімі ішінде қарыз алушы ай сайын тең төлемдерді төлейді және негізгі қарыз өсім бойынша өтеледі.
Сондай-ақ, негізгі қарыз біркелкі төленетін сараланған әдіс бар, ол кезде төлемдер мөлшері азаяды. Бұл әдісті таңдағанда, отбасының жалпы кірісі аннуитетке қарағанда төрттен бір бөлігін құрауы керек.
Өтеу әдісін таңдау қарыз алушының қалауына ғана негізделмейді, өйткені ол сұралған қарыз өлшемдеріне және қарыз алушының оны ай сайын өтеу қабілетіне байланысты.
Кредит беру мерзіміне назар аударыңыз
Артық төлем сомасы оларға байланысты, егер кредит беру мерзімі ұзағырақ болса, онда қарыз бойынша артық төлем көп болады. Банк менеджерінен қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу талаптарының қандай екенін, атап айтқанда айыппұлдар мен артық төлемдерсіз кез келген кезеңде мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар-жоғын нақтылаңыз.
Банк заңнамасына сәйкес, банктердің қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыны немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға құқығы жоқ. Бұған негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары, яғни бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін және бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейінгі жағдайлар жатпайды. Бұл ретте сіз банкке пайыздарды кредитті пайдаланудың нақты күндері үшін ғана төлейсіз.
Кредиттік шартқа қол қоймас бұрын оны зерделеңіз
Талаптарды мұқият зерделегеннен кейін ғана шартқа қол қою өте маңызды!
Егер бір жағдайлар түсініксіз болса, банк менеджерінен сұраңыз, егер мүмкін болса, заңгермен кеңесіңіз. Менеджерге кредит беру талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде төлем мерзімін кешіктірген жағдайда оның салдары туралы кез келген нақтылаушы сұрақтарды қоюдан ұялмаңыз.
Банк алдындағы міндеттемелерді орындамау нашар кредиттік тарихқа әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Қазақстанда екі кредиттік бюро – Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) және Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жұмыс істейді, олар кредиттік тарихты қалыптастырады, бірақ дербес түрде кредиттік есептерге өзгерістер енгізбейді. Мұны ақпарат жеткізушілер, яғни банктер, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және тауарларды кредитке немесе бөліп-төлеуге сататын өзге де тұлғалар жасайды. Жеке кредиттік есепті мыналар арқылы алуға болады:
- Мемлекеттік кредиттік бюроның сайты - id.mkb.kz;
- Бірінші кредиттік бюроның сайты және мобильді қосымшасы - www.1cb.kz;
- Электрондық үкімет сайты www.egov.kz;
- тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО).
Сондықтан, әрқашан, қандай да бір мақсатқа кредит алмас бұрын, мұқият ойланыңыз. Дәл қазір ол сізге қажет пе және ол үшін ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер қабылдау керек пе? Өйткені, өмірді болжау мүмкін емес және әр түрлі жағдайларға байланысты сіз бірден жұмысыңыздан, кірістеріңізден айырылып, нәтижесінде кредит төлеуді тоқтатып, кредиттік тарихыңызды бұза аласыз. Кредитті төлемеу қаупі барлық адамда, тіпті өте табысты адамдарда да бар.
Кредит алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова