Қай жұлдызнама белгісі жиі бастық болады?
Кей адамдар туа біткен лидерлер. Лидерлік қасиетті жиі қиын жағдайдан шыға алумен, нақты сәтте дұрыс шешім қабылдаумен және дағдарыс кезінде эмоцияға берілмей, анализ жасаумен байланыстырады. Жұлдыз белгісі бойынша, кімдер жиі бастық болады?
Тауешкі
Тауешкілер өте еңбекқор. Тауешкілер мансап бойынша жылдам көтеріледі, олар жолындағы кедергілердің бәрін жеңеді және кейде оларды өз пайдасына қолданады. Олар тәртіпті қатаң сақтайды, үйренуге әрқашан дайын, ақыл-ойды жоғары күш санайды және сынды көтере алады.
Тауешкілер салмақты, кейде қалжыңды көтере алмауы және армандай алмауы мүмкін. Тауешкілер сирек демалады. Олар жұмыстан корықпайды және жұмыс үшін сезімдерді ысырып қоюға дайын.
Арыстан
Арыстандар өмірден ләззат ала алады, өзіне назар аудартқанды жақсы көреді, өзін көрсете алады, сондықтан да адамдар оның артынан "еруге" дайын. Оған қоса, ол қол астындағы адамдарға жомарт. Арыстандар тапқыр, шешім қабылдай біледі, еркіндікті жақсы көреді және жақсы ұйымдастырушылық қабілетке ие. Алайда көпшілік Арыстандар кешігіп жүреді, сынды көтере алмайды, кейде жалқаулыққа бой береді және ренжігіш келеді.
Тоқты
Тоқтыларда энергия көп. Олар белсенді, жұмысты бар ынтамен жасайды және өте жақсы нәтижелерге жетеді. Бірақ Тоқтылар кеңседе отыра алмайды. Бұл жұлдыз белгісі қозғалысты жақсы көреді. Тоқтылардың кейде өз ойлары мен мақсаттарына беріліп кететіні соншалық, тіпті басқалардың сезімдерімен және қызығушылықтарымен жанжалдасуға дайын тұрады. Тоқтылар бастық орнына дейін жылдам көтеріледі.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар шығармашыл жандар. Олар қызметкерлерінің шығармашылық идеяларын қабылдап қана қоймай, әрдайым оларға қол ұшын созуға дайын. Командада жақсы жұмыс істейді. Суқұйғыштар тәуелсіздікті бағалайды. Тек өзінің еркіндігін емес, қызметкерлерінің де еркін болғанын қалайды. Ол бұл олардың өнімді жұмыс жасауларына ықпал ететініне сенеді.
Қай жұлдыз белгісі өкілдері мақтаншақ келеді? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова