Қай дәруменнің тапшылығы шаш түсуіне әкелуі мүмкін?

Кейбір дәрумендер шаштың әдемі және сау болуына көмектеседі. Трихолог ағзада әсіресе D дәрумені тапшылығына жол бермеу керектігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Mirror-ға сілтеме жасап.

Шашқа қандай дәрумен аса қажет?

Трихолог Эва Прудман дұрыс тамақтанбау шаш саулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін айтты. Күнделікті жеткілікті ақуызды қамтамасыз ететін үйлесімді тағамдарды жеген жөн, өйткені бұл шаштың саулығы мен өсуі үшін қажет. 

Маман сонымен қатар D дәруменінің маңыздылығын атап өтті. Көпшілік адамда D дәруменінің деңгейі төмен. D дәрумені шаштың саулығын сақтайды, өсу кезеңінде қалуға көмектеседі, жаңа фолликулалардың пайда болуына ықпал етеді және иммундық жүйені реттеуге көмектеседі.

Ұзақ уақыт бойы D дәрумені қоспаларын тым көп қабылдау ағзада кальцийдің көп жиналуына әкелуі мүмкін. Бұл сүйектерді әлсіретіп, бүйрек пен жүректі зақымдауы мүмкін. Егер D дәрумені қоспаларын ішуді шешсеңіз, алдымен дәрігермен кеңесіңіз.

"D дәруменін көп ішу зиян. Бұл ересектерге, жүктілерге, қарттарға және балаларға да қатысты. Дәруменнің мөлшерін дәрігермен ақылдасу керек", - деп кеңес берді маман.

Көпшілік адам D дәруменін күн сәулесінен алады. Алайда суық мерзімде күн сәулесінің әлсіз болуынан бұл дәрумен жетіспеуі мүмкін. 

D дәрумені сондай-ақ мына өнімдерде болады:

  • майлы балық;
  • қызыл ет;
  • бауыр;
  • жұмыртқаның сарысы.

Шаш күтіміне байланысты негізгі ережелер

  • Шашыңызды ластануына қарай жуыңыз;
  • Егер шашыңыз түзу болса және бас теріңіз майлы болса, оны күнде сусабынмен жууға болады. Ал егер шаш құрғақ, бұйра немесе қалың болса, қажет болған жағдайда ғана сусабынмен жуыңыз;
  • Сусабынды бүкіл шаш ұзындығына емес, бас терісіне жағыңыз;
  • Шашыңызды жуғаннан кейін кондиционер қолданыңыз. Кондиционер шашты ылғалдандырады және ұйыстырмайды. Сонымен қатар ол күтімді жеңілдетеді. Егер сізде жұқа немесе түзу шаш болса, кондиционерді ұштарына жағыңыз. Алайда егер шаш құрғақ немесе бұйра болса, кондиционерді бүкіл ұзындыққа жағыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!