KeshYOU тобының менеджері Ләззат Баубек топты оюы бар ашық киімдер киіп шыққаны үшін сынаған адамдарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Менеджер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.
"Ою деген тек баста тұратын өрнек па? Неге онда оюланған көрпешенің үстіне жамбаспен (көтпен) отырасыңдар? Әжелеріміз киетін мәсі аяқ киім неге оюмен жасалған? Егер ол жерде басылып жүретін болса... Шапанның артында, етегінде, жамбасында неге ою бар? Қазақстанан шығатын арақ, шараптың бәріне неге оюды белгілеген? Менің айтпағым, біткен іске сыншы болған сымақтар, ең бірінші өздеріңізді түзеңіздер. Өзіңмен күрес. Қатты ұялсаңыздар, үлгі етіп үйлеріңіздегі оюлы кілем, киіз, аяқ киім бәрін осыдан былай төбелеріңе шығарып қойыңыздар. Бәлкім одан кейін бізге үлгі боларсыздар. Біз тоқтамаймыз, бәрі алда", - деп жазды ол.
Еске салайық, KeshYOU тобы американдық рэпер Snoop Dogg-пен бірге Америкада бір сахнада ән айтты. Алайда KeshYOU тобындағы қыздардың үстіне киген оюлы киімдері көпшілік қазақстандықтың көңілінен шықпады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оюды қорлау болып саналатынын айтып, сынаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!