Қатты қар жауады: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 7, 8, 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатты қар жауады

Алдағы күндері Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, көктайғақ болады.

7, 8 ақпанда шығыста, 9 ақпанға қарай Қазақстанның батысында қатты қар жауады. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 13-23 градус аяздан 0-10 градус аязға дейін, күндіз 3-12 градус аяздан 10 градус аяз - 2 градус жылыға дейін;
  • солтүстік-батыста түнде 17-28 градус аяздан 3-13 градус аязға дейін, күндіз 10-20 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін;
  • солтүстікте түнде 18-28 градус аяздан 5-15 градус аязға дейін, күндіз 13-21 градус аяздан 10 градус аяз - 1 градус жылыға дейін;
  • оңтүстікте түнде 3-18 градус аяздан 5 градус аяз - 8 градус жылыға дейін, күндіз 13 градус аяз - 5 градус жылыдан 5-15 градус жылыға дейін;
  • шығыста түнде 0-12 градус аяздан 10-20 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градус аяздан 7-15 градус аязға дейін ауытқиды.
  • Оңтүстік-шығыста түнде 0-13 градус аяздан 2-16 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-13 градус аяздан 5 градус аяз - 8 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!