Қазгидромет 5, 6, 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашында Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жауады. 5-6 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, тұман түседі. Боран, жел соғады.
Оңтүстік-батыс ауа массаларына байланысты күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, оңтүстікте 8-17 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-15 градус жылыға дейін көтеріледі.
Тек 7 ақпанға қарай солтүстік-батыстан суық ауа массалары еніп, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!