Онколог Владимир Ивашков қатерлі ісіктің алдын алу үшін ас мәзіріне үш өнімді қосу керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ивашковтың сөзінше, қатерлі ісікке қарсы күресетін өнімдер қатарына брокколи, куркума және көк шай жатады.
"Олардың құрамында антиоксиданттар және ағзамыздағы мутацияларды тежейтін кейбір заттар бар, сондықтан оларды ас мәзіріңізге қоссаңыз, қауіптің алдын ала аласыз", - деген дәрігердің сөзін lenta.ru басылымы келтірді.
Сондай-ақ, маман рационға салат жапырақтары, цитрус жемістері, алма және сәбіз қосуға кеңес берді. Ивашков ішімдікті мүлдем алып тастауды ұсынды, өйткені ішімдіктің қауіпсіз дозасы жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 230 мың адам қатерлі ісікке шалдыққаны хабарланды.
Мамандар адамдарға жасына қарай дәрігерге қаралып тұруға кеңес береді. Жатыр мойнының обырына 30 жастан бастап әр төрт жыл сайын тексерілген жөн. Сүт безі бойынша 40 жастан асқандар әр екі жыл сайын маммографиялық зерттеуден өтуге құқылы. Жиі кездесетін ауру қатарында тоқ ішектің қатерлі ісігі де бар. Бұл дертке 50 жастан асқандар әр екі жыл сайын қаралып отыруы қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова