- Негізгі бет
- LifeStyle
- Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов...
Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Баян Мақсатқызы жайлы сөз қозғады
Белгілі бизнесмен, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Баян Мақсатқызы жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсіпкер әйелі Баян Мақсатқызымен уақыт өткізу қызық екенін атап өтті.
"Отбасылық өмірде адамдар бір-бірінен шаршайтын кездер болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян - көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта "ойнай" бастаймын. Ол - ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Бұл керемет үйлесім: ол журналист ретінде сұрақтарды жақсы қоя біледі және актриса болғандықтан, жақсы ойнайды. Ол ананы, көңілдес әйелді, баланы ойнай алады және бұл оның қолынан жақсы келеді. Біз осылайша бірге уақыт өткіземіз", - деді кәсіпкер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова