Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 23 желтоқсанда Астана уақытымен 09:32-де Каспий теңізінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінің эпицентрі Баку қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 158 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, 22 желтоқсанға қараған түні Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз