- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қарыздан құтылу жолдары...
Қарыздан құтылу жолдары - қазақстандық әйел тәжірибесін бөлісті
Бір несиені жабу үшін тағы бір несие алу, аз ақшаға бола ломбардқа бағалы заттарды тапсыру, өтелмеген қарызға байланысты туыстарымен араласуды тоқтату - бұл жағдай көп қазақстандыққа таныс, ал Наталья Владимировна мұндай қиын жағдайдан шыға алған. Бұл туралы Tengri Life-қа айтып берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оңтүстік Кореяға қоныс аударған қазақстандық Наталья Владимировна қарыздарынан қалай құтылғанын айтты.
"Қандай сезім екенін білемін. Көз жас тоқтамайды, өйткені қай қарызды қалай жабу керегін білмейсіз. Менде төрт несие болды, оған қоса, алтын мен тон ломбардта және басқа да қарыздарым болды. Сосын бір күні қарыз бен несиеден біржола құтылуды шештім", - дейді ол.
Мұны істеу үшін ол қолына дәптерді алған, онда ол пайыздық және пайызсыз қарыздарын төлеу мерзімімен қоса тізіп жазған.
"Туыстарым мен достарым пайызсыз қарыз бергенімен, оны да уақытылы төлей алмаған соң олармен көрісуге ұялып жүрген едім", - дейді Наталья.
Ол ең алдымен қарыз алған достары мен туыстарына қоңырау шалған. Әйел қарызын қайтармай жатқаны үшін бәрінен кешірім сұрап, қашып жүрмеуге уәде берген және тағы біраз уақыт берсе, қарызын міндетті түрде өтейтінін айтқан.
Оның айтуынша, адамдар қоңырауды оң қабылдап, шыншыл болғаны үшін алғысын білдірген. Ал кейбіреулері оның қарызын кешірген.
"Қатты жыладым. Тізімге қарап тұрып жыладым және сол кезде маған көмек қолын созып, қарызымның бір бөлігін кешірген адамдарға ризамын", - дейді ол.
Несиелеріне байланысты Наталья банкке барып, менеджерден төлем мүмкіндіктері туралы сұраған. Ол ең аз төлемдермен ірі несиелерді, ал шағын қарыздарды - төлеу мерзімін қысқарту арқылы екі есе, үш еселік төлемдермен жаба бастаған. Сонымен қатар, әйел барлық қажетсіз затты сатып, өзі пайдаланбаған қызметтерді өшіріп, ақшасын қарыздарын жабуға жұмсаған.
Қарызын өтеген Наталья енді ешқашан тұтынушылық несие алмаймын деп ант етті.
"Соңғы үлгі ұялы телефон емес пе? Бос сөз, есесіне қарыз жоқ. Микротолқынды пеш жоқ па? Табада қыздырамын, есесіне қарыз жоқ. Тұтыну несиесін алуды тоқтатыңыз. Сіз оны ақшамен емес, көз жасыңызбен өтейсіз", - деп түйіндеді ол.
@natavladim Вылезти из долгов возможно. надо составить список долгов и расходов. все действия направить на погашение долгов, оптимизировать расходы и делать. #долговаяяма #каквылезтииздолгов #какизбавитсяотдолгов #личныйопыт #советыбывалого ♬ оригинальный звук - Наталья Владимировна
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек