“Қартайып кеткен Мейрамбек“. Мейрамбек Беспаевтың “егізі“ табылды

“Қартайып кеткен Мейрамбек“. Мейрамбек Беспаевтың “егізі“ табылды
Фото: vk.com/meirambek_besbaev

Қазақстандық әнші Ұланғасыр Қамиев Мейрамбек Беспаевқа қатты ұқсайтын азаматты видеосында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші халықтың арасында ән салып тұрған видеосын жариялап, видеода "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтан аумайтын адамның барын айтқан. 

"Менің миға сыймайтын түстерім. Мейрамбек Беспаев ағамызға қатты ұқсайды екен", - деп жазды Ұланғасыр Қами.

Көп ұзамай видеодағы азаматтың аты-жөні Ерлан Нұртазаев екені белгілі болды. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.

"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаевпын", - деп жазды ол.  

Желі қолданушылары азаматты Мейрамбекке ұқсатып жатыр. 

"Қартайып кеткен Мейрамбек", "Мейрамбекті көргендей болдық", "Бұл кісіні Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен", - деген пікір көп-ақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұланғасыр Қамиев (@ulangasyrqamiev)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы