Кардиолог Аурелио Рохас таңғы асқа міндетті түрде тұтыну қажет пайдалы тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC басылымына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, пайдалы таңғы ас құрамында жұмыртқа болуы керек. Өйткені оның құрамында ақуыз көп. Бұл ұзақ уақытқа тоқ жүруге және тәбетті реттеуге көмектеседі.
Сондай-ақ, маман таңертең жаңғақ пен авокадо жеуге кеңес береді. Бұл өнімдер ағзаны пайдалы майлармен қамтамасыз етіп, мидың жұмысын жақсартады.
Кардиологтың сөзінше, таңғы асқа көкжидек, киви және таңқурай сияқты жемістерді де қосқан дұрыс. Олардың құрамында ағзаға қажет жасұнық, антиоксиданттар, минералдар және С, В, К дәрумендері бар.
Ал айран ішектегі пайдалы микрофлораның қалыпты жұмыс істеуіне оң әсер етеді. Сонымен қатар, тұтас дәнді нан қандағы қант деңгейін тұрақты ұстап тұруға көмектесіп, ұзақ уақытқа энергия береді.
Маман кофенің жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы қабынуға қарсы және қорғаныш қасиеттері бар екенін айтады. Алайда одан барынша пайда көру үшін кофені қантсыз және жасанды тәттілендіргішсіз ішкен жөн.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!