- Негізгі бет
- LifeStyle
- Кардиолог жүрекке пайдалы...
Кардиолог жүрекке пайдалы тағамдарды атады
Белсенді өмір салты, күйзелісті азайту және арнайы диета жүректің жұмысына көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы америкалық кардиолог Элизабет Клодас айтты. Ол Eat This, Not That! порталына берген сұхбатында пайдалы тағамдардың тізімін ұсынды.
Маман ең алдымен жүрекке күріш, жасымық, ақ бұршақ, асқабақ, чиа тұқымы, жаңғақ, лосось, майшабақ және сиыр етінде кездесетін омега-3 май қышқылдары қажет екенін айтты.
"Омега-3 май қышқылдары қанды сұйылтады, бұл қан ұйығыштарының пайда болуына жол бермейді, қан қысымын төмендетеді және холестерин деңгейін көтеруге көмектеседі", - деді Клодас.
Дәрігер жүрекке антиоксиданттары бар тағамдар - қызанақ, апельсин, көкжидек, қара шоколад және көк шай да пайдалы екенін айтты.
Элизабет Клодастың сөзінше, жүрекке талшыққа бай тағамдар қажет. Мысалы, бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқымы, кептірілген інжір, асқабақ, банан, ұсақталған сұлы, арпа бұл тізімде бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова