Кардиолог жедел медициналық көмекті қажет ететін жүрек ауруының 5 белгісін атады

Кардиолог жедел медициналық көмекті қажет ететін жүрек ауруының 5 белгісін атады
Фото: depositphotos.com

Жүрек – адам ағзасындағы басты органдардың бірі. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлар аурулары ерте өлімге әкелетін аурулар қатарында көш бастап тұр. Сондықтан жүрек саулығына аса мән беру керек. Жүректе ақау бар екенін және кардиолог маманның кеңесі артық етпейтінін қалай түсінуге болады? Бұл сұраққа кардиолог Денис Соколов жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Көпшілік жүрек аурулары тек қарт кісілерге қатысты деп ойлайды, алайда аурудың алғашқы белгілері ертерек, мысалы, жас кезде пайда болуы мүмкін. 

Жүрек жұмысында бұзылыстардың басталып келе жатқанын мына айқын емес белгілер көрсетуі мүмкін. Егер сізде олардың біреуі бар болса, бұл дәрігерге қаралуға себеп.

Үздіксіз шаршаңқылық

Егер ұйқыдан тұра сала өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз және үнемі себепсіз шаршай берсеңіз, бұл жүрек жеткіліксіздігінің белгісі болуы мүмкін. Бұл ауру кезінде жүрек қанды тиімді айналдыру қабілетін жоғалтады, соның салдарынан бұлшық еттер оттек пен қоректік заттарды қажет мөлшерде алмайды. Ал ол жылдам шаршауға және кеуде тұсындағы жағымсыздыққа әкеледі.

Төзімділіктің төмендеуі

Физикалық жүктеме кезінде кеуде тұсының кенеттен ауруы немесе қысылуы стенокардияны көрсетуі мүмкін. Ауырсыну жиі сол жақ қолға немесе иыққа беріледі және демалғаннан кейін кетеді. Алайда шамамен орындалған физикалық жүктемелер жүрекке пайдалы және күйзеліс деңгейін төмендете алады.

Ентігу

Тыныс алу қиындықтары, әсіресе жүргенде немесе физикалық жұмыс кезінде қиналу – сізді ойландыруы керек белгі. Егер тіпті жай отырғанда да тыныс алу қиын болса, бұл жүректің жеткіліксіз жұмысына байланысты тіндердің оттегі ашығуын көрсетуі мүмкін. Демікпе түнде ушығуы және уақытылы емделмесе, жағдай нашарлай беруі мүмкін.

Ісіну

Кешкісін аяғыңыздың, тобығыңыздың немесе ішіңіздің ісініп кеткенін байқайсыз ба? Бұл жүрек проблемасының басталып келе жатқанын көрсететін бір белгі болуы мүмкін. Несеп айдағыш препараттар мен массаж жағдайды уақытша жақсартқанымен, олар тек белгілерді кетіруге арналған шаралар. Ұзақмерзімді жақсару болу үшін тексеріс пен дұрыс ем қажет.

Бірқалыпты тыныс алмау

Жүректің шалыс соғуы, жиіленген жүрек соғысы немесе аритмия қауіпті бұзылыстардың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Ол ауыр жағдайларда бас айналуға және естен тануға әкелуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова