Алматы қаласы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Такенова жылыжай қарбыздарын өсіру кезінде минералды тыңайтқыштар көбірек қолданылатынын еске салды. Бұл қарбыздағы нитраттарды көбейтіп, арты улануға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қарбыздағы нитраттардың жоғарылауының басты белгілері:
Қарбыз целлюлозасын ұсақтап, бір стақан суық суға салу қажет. Егер қарбыз жақсы болса, онда су бұлтты болады. Егер су қызғылт немесе қызыл түске боялса - қарбыз химия арқылы өсірілген деген сөз. Сондай-ақ улануды тудыруы мүмкін тағы бір фактор – бақша дақылдарын дұрыс сақтамау. Мәселен қарбыз бен қауын бірнеше апта бойы тікелей күн сәулесінде жатса, ондағы нитраттардың аз мөлшері глюкозамен белсенді әрекеттеседі. Салдарынан қарбыз құрамында улы заттар пайда болады.
"Қарбызды сатып аларда көпшлігі принципалды түрде сатушыдан кесіп көрсетуді талап етеді. Бұл өте қате әрекет. Біріншіден, қарбыз жерде өседі және дәрі-дәрмек, тамақ өнімдері секілді стерильді жағдайда тасымалданбайды. Екіншіден, терушілердің, тасымалдаушылардың және сатушылардың лас қолдары, лас пышақ сіздің ағзаңызға микробтарды тасымалдауы мүмкін. Үшіншіден, жемістер ашық аулаларда, күн астында тұрып қалады. Зақымдалған қарбыздан шыққан шырын микроорганизмдердің белсенді көбеюі үшін қолайлы орта болады. Сонымен қатар кесілген қарбызды күн астында сақтау аса қауіпті. Мұның арты дизентерияға, ішек инфекциясының пайда болуына әкеп соқтырады, - дейді Гаухар Каткенова."
Қарбыз мен қауыннан уланудың қалай алдын-алуға болады?
Мамандар қарбыз бен қауынды белгіленбеген сауда орындарында – көгалдарда, жол жиектерінде, ғимараттардың аркаларында, аялдамаларда, үйлердің аулаларында, базарларға іргелес аумақта сатып алмауға кеңес береді. Сондай-ақ, кесілген қарбыз бен қауын сатып алмауға тырысыңыз. Қолданар алдында қарбыз бен қауынды ағынды сумен мұқият жуу керек. Кесілген қарбыз немесе қауынды бірден жеу керек. Себебі, тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтауға болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!