- Негізгі бет
- LifeStyle
- жұлдыз жорамал
Қараша айына арналған жұлдыз жорамал
Жұлдызнама белгілерін күздің соңғы айында не күтіп тұр? Massaget.kz қараша айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.
Тоқты
(21.03-20.04)
Тоқтылар қарашада белсенді болады, бұл көптеген жоспарлар мен мақсаттардың жүзеге асуына көмектеседі. Бұл бірінші кезекте бизнеске және жұмысқа қатысты. Өмірдің романтикалық тұсы да өзгеріске ұшырайды: нақтылық пен тұрақтылық пайда болады. Өмірдің материалдық жағында да жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Ал денсаулық жағдайы Тоқтылардың өмір салты мен тамақтануына байланысты.
Торпақ
(21.04-21.05)
Қараша Торпақтарға әсіресе өзара қарым-қатынаста маңызды өзгерістер әкеледі. Олар серіктеріне, достарына және сүйікті адамына қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. Тұрғылықты мекенжайға, әлеуметтік мәртебеге қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Кей Торпақтар айналасындағы кейбір адамдармен араласпау жайлы қиын шешім қабылдайды. Қараша - денсаулығыңыз бен сырт келбетіңізді жақсартуға жақсы ай, Торпақтар бұл салада жақсы нәтижелер алады. Кәсіби жұмыстар икемділікті және әртүрлі адамдардың тілін табуды қажет етуі мүмкін.
Егіздер
(22.05-21.06)
Қарашада Егіздерді сапарлар, іссапарлар және көп адамдармен араласу күтіп тұр. Мамандығы білім берумен, басқа елдермен байланысты егіздер табысқа жетеді. Кәсіппен айналысатын Егіздер жаңа жобалармен айналысуға және қомақты сомаға келісімге отыруға мүмкіндік алады. Егіздердің қаржылық жағдайы қарашаның екінші жартысында жақсарады. Ал романтикалық салаға келер болсақ, Егіздер басқалардың кеңесін емес, өз интуициясын тыңдағаны жөн.
Шаян
(22.06-22.07)
Шаяндар үшін күздің соңғы айы белсенді жұмыс істеу, біліктілікті арттыру және жаңа білім алу айы болмақ. Олардың көпшілігі кәсіби салада ерекше белсенді бола түседі, кей процестерді басқарып, керемет нәтижелерге жете алады. Шынымен берік әрі сенімді қарым-қатынас құрғысы келетіндер өз адамын кездестіреді. Материалдық жағдайы Шаяндардың кәсібилігіне, коммуникативті қабілеттеріне байланысты болады.
Арыстан
(23.07-22.08)
Арыстандар қарашада өздерін және дарынын көрсетуге жақсы мүмкіндік алады. Кей Арыстандар өздеріне ұнамайтын адамдар үшін жауапкершілік алуға мәжбүр болады. Егер ең қажетті нәрселерге ғана шығындалса, Арыстандардың қаржылық жағдайы тұрақты болады. Романтикалық салада кездесулер мен танысулар болады. Арыстандар араласатын қызықты орта табуы мүмкін. Қарашаның екінші жартысында хал-жағдайыңыз нашарлауы мүмкін, сондықтан қазірден бастап иммунитетіңізді көтеруді ойлаңыз.
Бикеш
(23.08-22.09)
Бикештер қарқынды өзгерістер кезеңіне өтеді: көпшілік өмір сапасын арттырып, сенімді серік кездестіріп, денсаулығы мен сырт келбетін жақсарта алады. Қаржылық жағдай жақсы болады. Бикештер қарашаның соңында босаңсып, қаржыны өзіне арнай алады.
Таразы
(23.09-22.10)
Қараша Таразылар үшін тұрақсыз болады. Алайда көпшілік Таразы одан қандай да бір пайда алады. Көпшілік Таразы жұмыс орнын ауыстыруы немесе мансап бойынша көтерілуі мүмкін. Жалғызбасты Таразылар серігін кездестіруі, ал сүйіктісі бар жұлдыз белгілері отбасы құруы мүмкін.
Сарышаян
(23.10-21.11)
Сарышаяндарға қарашада көп кәсіби тапсырманы жылдам шешу керек болады. Олардың көпшілігі өздерінің жақсы өнімділігін, тиімділігін және ұйымшылдығын көрсетеді. Бұл жұлдыз белгісінің кей өкілдері баспана мәселесін шешіп, өздерінің қаржылық жағдайын біраз жақсарта алады.
Мерген
(22.11-21.12)
Мергендердің қарашада арманы орындалады. Жалпы бұл ай Мергендер үшін жағымды болмақ: жұмыс бабымен қызықты сапарлар болуы мүмкін. Жұмысын ауыстырғысы келіп жүрген Мергендер қарашаның екінші жартысын күткені жөн. Қарашада Мергендерде жаңа таныстар пайда болады.
Тауешкі
(22.12-20.01)
Тауешкілер қарашада белсенді еңбек етуі де, демалуы да керек; жаңа таныстарға таңғалып, кейін жылдам көңілі қалады, жақындарымен ұрысып, достасады; ауырып қалып, жылдам жазылады; маңызды шешім қабылдап, қайтадан оны жояды. Бұл жұлдыз белгілері осы ай бойы эмоционалды тербелісте жүреді. Алайда айдың соңына қарай күші бітеді. Олар күшін өздеріне үйреншікті қатаң режим сақтаудың, жүйелі әрекет етудің және ішкі тәртіптің арқасында қалыпқа келтіреді.
Суқұйғыш
(21.01-18.02)
Суқұйғыштар өзгерістерді бәрінен қатты сезеді. Олардың көпшілігі жаңа идеялар, тақырыптар және ерекше жобаларға пікірлес адамдар іздейді. Олар ұжымдық жобалар арқылы үлкен жетістіктерге жете алады. Қарашада олардың хал-жағдайы тұрақсыз болады, себебі Суқұйғыштар сезімтал: олардың денсаулығы өткерген эмоцияларына тікелей байланысты. Қарашаның екінші жартысында Суқұйғыштардың қаржылық жағдайы жақсарады.
Балықтар
(19.02-20.03)
Балықтар қараша айын білім алуға және жаңа дағды меңгеруге арнайды. Бұл кәсіби салада өсуіне ықпал етеді: жұмысын өзгертуге немесе кірісін арттыруға әкелуі мүмкін. Алайда өмірдің романтикалық саласы тұрақсыз болмақ: серігімен келіспеушіліктер болуы мүмкін. Алайда қарашаның соңында жағдай тұрақталып, Балықтар өздеріне, сырт келбетіне және денсаулығына көңіл бөле алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова