- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қарапайым тұмау немесе...
Қарапайым тұмау немесе ковид: "эрис" жаңа штамын жұқтырып алған жоқсыз ба?
Коронавирус жоғалған жоқ, оның штамдары мутацияға ұшырап, әлем бойынша таралып жатыр. Коронавирустың жаңа түрі - "эрис" бастапқыда Ұлыбританияда шілденің соңында тарала бастады. Бұл "омикронның" кезекті ұрпағы, оны сондай-ақ EG.5.1. деп атайды. "Эрис" вирусын жұқтырып алғаныңызды қалай білуге болады?
"Эрис" те "омикрон" секілді тез жұғады: ол басқа елдерден де анықталып жатыр. Дәрігер Йоханнес Уйстің айтуынша, оның тұмаудан бірнеше ерекшелігі бар.
Біріншіден, аурудың қалай дамитынына мән беру керек. ЖРВИ немесе тұмау әдетте бірден білінеді. Мысалы, қазір өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз, ал кешке мұрныңыздан су ағып, жөтел басталып, температураңыз көтеріледі. Ал ковидпен жағдай басқаша: ауру бірден емес, баяу дамиды.
Екіншіден, ауыру ұзақтығын ескеру қажет.
"Жазғы тұмаудың белгілері әдетте бір аптаға ғана созылады. Коронавирус ең аз дегенде екі апта мазалайды. Кей адамдар 1-2 айлап ауыруы мүмкін", - дейді дәрігер.
Үшіншіден, "эрис" штамына сай белгілер бар:
- мұрынның бітелуі;
- бастың ауыруы;
- шаршаңқылық;
- түшкіру;
- тамақтың ауыруы.
Күн суытып келеді. Әдетте, мұндай маусымда тұмау вирусы өршиді. Ендеше, тұмаудан сақтану жолдарын біле жүріңіз!
А. Жапатова