- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Қарапайым ауылдың жігіті“....
“Қарапайым ауылдың жігіті“. Нұргүл Мыңғатова кімге тұрмысқа шығайын деп жатқанын айтты
"Келінжан" сериалы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығайын деп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтты.
"Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Бұрыннан сондаймын негізі. Жеке өмір деген - жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. Көрмей тұрсыздар ма, бүгін ақ көйлек киіп келдім", - деді актриса сұқбатқа киіп келген көйлегін көрсетіп.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан актрисадан ұзату тойы туралы сұрады. Актрисаның айтуныша, ұзату, сыңсу болмай, бірден той жасағысы келеді екен.
"Мен ұзатылып жатсам ұят болар. Сыңсу айтып жылап жатпайтын шығармын. Мен кетсем, керісінше бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады ғой", - деді Нұргүл Мыңғатова.
Динара Сәтжан тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалып-жасалмағаны туралы да сұрақ қойды.
"Ұсыныс жасағандай болып жатыр. Мен сол ерте дайындалып жатырмын ба деп қоямын бір жағынан. Бірақ ақырындап ырымдап бастап жатырмыз", - деп жауап берді актриса. Соған қарағанда әлі нақты қадам жасалмаған сияқты.
Актрисаның айтуынша, болашақ күйеуі оның шығармашылық адам екеніне, түрлі түсірілімдерге қатысатынына түсіністікпен қарайтын ересек адам екен. Сонымен қатар, шоу бизнес саласына мүлде қатысы жоқ, қазақтың қарапайым ауылда өскен қара жігіті екенін айтып өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева