- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қарақат ырымдап жүзік...
"Қарақат ырымдап жүзік сыйлаған еді". Ақын Сара Тоқтамысова қызының бір жасын атап өтті
Фото:
Фотоколлаж
Айтыскер ақын, кәсіпкер Сара Тоқтамысова қызының бір жасқа толғанын атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір жыл бұрын ақын екі ұлдан кейін қызды болып, есімін Сүйкімді қойған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Тойға шашуын алып аңқылдап, жарқылдап келген Жақсыларым!
Осыдан 3 жыл бұрын "қыз тапшы" деп ырымдап жүзігін таққан Қарақаттың ілтипатын ешқашан ұмытпаймын. Сүйкімді сырттан келген жанды жатырқайтын. Қарақаттың әнімен ұйықтатамыз. Ол келгенде иығына жатып алады. Жақсылардың жақсы қасиеті жұғысты болсын деп тілеймін қызыма. Жақсы сөз көп айтыңыздар. Жақсы тілек айта беріңіздер!", – деп жазды ақын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы