Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ауыр дертке шалдыққан қыздың отбасына баспана сыйлады

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ауыр дертке шалдыққан қыздың отбасына баспана сыйлады
Фото: Видео кадры

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ауыр дертке шалдыққан қыздың отбасына баспана сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, 13 жастағы қыздың екі бүйрегі де істемей қалған, оған шұғыл түрде құны 45 миллион теңге тұратын бүйрек трансплантациясы қажет.

Отбасында бес бала бар, әкелері аурудан көз жұмған. Ал тұңғышы Полат 15 жаста, ол қарбыз, қауын, қырыққабат тасып, нәпақа табады. Бұған дейін олардың өз баспанасы болмаған.

Қара бетперде таққан жігіт қыздың ем алуына көмек берілетінін айтып, оларға баспана сыйлады. 

"Жылаттың-ау", "Әлі де талай шыңды бағындырасыз!", "Алла жар болсын!" - деді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget