Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ауыр дертке шалдыққан қызға пәтер сыйлады

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ауыр дертке шалдыққан 20 жастағы қызға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, қыз қатерлі ісіктің 3-сатысына шалдыққан. Оның анасы - бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ал әкесі өмірден өткен. Бұған дейін өз баспаналары болмаған.

Қара бетперде таққан жігіт оның шетелде ем алуына көмек берілетінін айтып, пәтер сыйлады. 

"Істеп жатқан жақсылықтарыңыз мың еселеп қайтсын. Гүлжанға Алла шипасын берсін", "Қандай қиын тағдыр", "Алла тағала разы болсын", - деді желі қолданушылары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!