- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қара бетперде киген...
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт екі бірдей отбасын қуанышқа бөледі
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт екі бірдей отбасын қуанышқа бөледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші отбасы - үш баласы бар жалғызбасты ана. Үлкен ұлының жасы он үште, қызының жүрегі ауырады, оған Түркияда жедел ота қажет. Қара бетперде киген жігіттің айтуынша, бұл отбасы туыстарының үйінде тұрып жатыр.
Әлеуметтік желіде осы отбасындағы 13 жастағы ер баланың видеосы жариялаған. Оның сөзінше, әкелері қарындасының ауруын білген сәтте тастап кеткен, содан көмектеспеген.
"Маған ағасы ретінде қарындасымның ауырғанын, анамның жылағанын көру ауыр. Маған кез келген жұмыс беріңіздерші, мен өмір бойы жұмыс істеймін. Қарындасым аман-сау болса, анам енді жыламаса болды. Қазір егістікте жұмыс істеймін. Қарындасыма отаға ақша жинауға көмектесемін, үйге тамақ аламын", - дейді ол видеода.
@chelovekvmaskee Новое счастье 2Х + Гости Аллаха❤️
♬ оригинальный звук - Человек в маске
Қара бетперде киген жігіт бұл отбасындағы қыздың Түркиядағы еміне көмектесетінін айтқан.
Ал екінші отбасында алты бала бар. Әкесі мейрамханада аспаз болып істесе, аналары техникалық қызмет болып жұмыс істейді. Бір қызы эпилепсиямен ауырады. Бұл отбасының анасы сүт безі обырына шалдыққан. Олар жалдамалы шағын үйде тұрады.
"Жасым 10-да, үнемі есімнен танып құлап қала беремін", - дейді қызы.
Бұл отбасына да қарабетперде киген жігіт емделуге көмектесетінін айтып, Меккеге жолдама сыйлады.
Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киген жұмбақ жігіт бес баласы бар мүгедек әкені қуантып, көлік пен үй алып бергені хабарланған еді.
Сондай-ақ, кейінірек ол эксклюзив сұхбат берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова