- Негізгі бет
- LifeStyle
- қайырымдылық қоры
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бүкіл отбасынан айырылған жетім балаға үй сыйлады

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бүкіл отбасынан айырылған жетім балаға үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 жастағы Станислав өрт салдарынан бүкіл отбасынан айырылды.
"Менің есімім - Станислав, мен 16 жастамын. 4 күн бұрын менің отбасым - әкем, бір әпкем, екі қарындасым және інім өрт салдарынан қайтыс болды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болдым. Өрт себебі әзірге белгісіз. Әкем 40 жаста, үлкен әпкем 18 жаста, қарындасым 13 жаста, інім 10 жаста және ең кіші қарындасым 7 жаста болды. 7 жыл бұрын анам қайтыс болды. Көзіммен проблема бар: -4. Бауырларымды қалаға оқуға алып кетуді армандайтынмын. Енді ондай мүмкіндік жоқ. Өзімді жалғыз сезінемін. Ары қарай не істерімді білмеймін", - дейді жігіт видеода.
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт оған баспана сыйлады.
"Білім алу үшін қажетті шығындарды уайымдамасаң болады. Сен ем аласың. Сондай-ақ сен баспана иесі болдың", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үйде көпбалалы отбасы тұрған. 40 жастағы ер адам бес баланы жалғыз тәрбиелеген. Оның әйелі 2017 жылы қайтыс болған.
"Өртсөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранған, соның салдарынан шатыр мен төбе құлаған. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың денелері табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр", - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова