Қанның қоюлануының алғашқы белгісінің бірі тез шаршау болуы мүмкін. Сондай-ақ, бас ауруы мен бас айналу қанның тұтқырлығы жоғарылағанының белгісі болуы ықтимал. Бұл туралы терапевт дәрігер Надежда Чернышова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жеткілікті мөлшерде су ішпеу, қатты құсу, қант диабеті сияқты кейбір аурулар қанның қоюлануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Алайда дәрігер қан қоюланғанын нақты көрсететін белгілер жоқ екенін атап өтті. Көп жағдайда адам ешқандай өзгеріс сезінбеуі мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!