Қантты көп тұтыну қант диабетінің негізгі себебі ме? Бұл сауалға маман жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көбі диабет қантты шамадан тыс тұтынғаннан пайда болады деп ойлайды. Сарапшының айтуынша, ауру бір өнімнің әсерінен ғана пайда болмайды. Оған тұқым қуалау, күнделікті өмірдегі әдет сияқты жағдайлар да жанама әсер етеді.
"Қантты көп мөлшерде тұтыну диабетке бірден-бір себеп бола алмайды, бірақ бұл артық салмақ пен инсулин дамуына әкеп соғады. Ал бұл дегеніміз - 2-типті қант диабетінің қаупін арттырады деген сөз. Сондай-ақ, көп қимылдамау, ұзаққа созылған күйзеліс пен көмірсу алмасуының бұзылуы да әсер етеді", - деді Алматының бас эндокринологі Светлана Большакова.
Үнемі көп су ішкісі келу, әсіресе, түнде шөлдеу, ауыздың құрғауы қант диабетінің белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы терапевт Елена Маслова айтқан еді.
Маманның сөзінше, жиі шөлдеп, жиі зәр шығарып, оған қоса бас айналып, салмақ жоғалтып, ісініп кетсеңіз, шұғыл түрде дәрігерге көрінген жөн.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!