- Негізгі бет
- LifeStyle
- қант диабеті
Қант диабеті бар жандарға жаңажылдық дастарқаннан жеуге болатын тағамдар аталды
Консалтинг диетологы, "Салауатты тамақтану" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Алексей Кабанов қант диабетімен ауыратын жандар үшін жаңажылдық дастарқаннан жеуге болатын тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Диетолог Жаңа жылдық ас мәзірін жасағанда шөптер, көкөністер, теңіз өнімдері мен авокадо қосылған салаттарға назар аударып, тұздық ретінде өсімдік майларын қолдануға кеңес берді. Бұл ретте ол шұжық пен ет қосылған салаттан бас тартқан дұрыс екенін айтты.
"Майлы еттен жасалған ыстық тағамдар, әсіресе қой немесе шошқа еті сөзсіз қан диабеті бар жандар үшін жарамайды. Жалпы бұл тағамдарды тек жаңа жыл күні ғана емес, үнемі қаперде ұстаған жөн деп айтар едім. Ал Жаңа жылдық дастарқанға күркетауық, тауықтың төс еті, майсыз сиыр еті немесе балық пісіруге кеңес беремін. Гарнирге пісірілген картоп, булгур немесе қарақұмық сияқты жарма және бұршақ дақылдары таптырмас тағам болар еді", - дейді сарапшы.
Кабановтың сөзінше, жаңажылдық дастарқанда қант диабеті бар жандар алкоголь ретінде құрғақ шараптарды таңдап, оларды қалыпты мөлшерде ішкені дұрыс. Әсіресе бір адам 200 миллилитрден асырмай ішкені абзал. Оның ойынша, диабетке шалдыққан адам мерекеде тәтті тағамдардан мүлдем бас тартуы керек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин