Қандай кезде моншаға баруға болмайды?

Моншаның пайдалы қасиеті көп болғанымен, кейбір жағдайларда ол денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Гастроэнтеролог Диляра Лебедева қандай кезде моншаға баруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай кезде моншадан бас тартқан дұрыс?

  • Жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр және тері ауруларының ауыр түрлері;
  • Онкологиялық аурулар;
  • Етеккір кезінде;
  • Жедел аурулар және созылмалы аурулардың өршуі;
  • Төмен қан қысымы. Ыстық қан тамырларын кеңейтіп, бас айналуы мен талып қалуға әкеп соғуы мүмкін;
  • Миастения (бұлшықет әлсіздігі). Температура өзгеруі бұлшықет қызметін нашарлатуы мүмкін;
  • Мигрень. Жоғары температура мен ылғал бас ауруын қоздыруы мүмкін;
  • Эпилепсия. Дененің қатты қызуы ұстамаға әкеп соғуы мүмкін.

Дәрігердің ұсыныстары

  • Моншадан кейін суық су ішпеңіз, оның орнына жылы шөп шай таңдаңыз.
  • Моншаға түсуге ең ыңғайлы уақыт - кешкі мезгіл. Бұл денені босаңсытып, ұйқы сапасын жақсартады.

Бұл кеңестер денсаулыққа зиян келтірмей, моншаның пайдасын барынша алуға көмектеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!