• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Қандай жағдайда ерлі-зайыптының мүлкі бөліске түспейді?

Қандай жағдайда ерлі-зайыптының мүлкі бөліске түспейді?
Фото: depositphotos.com

Ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлкі бөліске түседі, дегенмен мүлік бөлінбейтін жағдайлар да бар. Ол қандай жағдай? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

Альбина Бахтиярқызы мүлік бөліске түспейтін жағдайлардың тізімін жасады:

1. Некеге дейін алынған мүлік. Егер ерлі-зайыптының бірі мүлікті некеге тұрғанға дейін сатып алған болса, ол жекеменшігі болып саналады және бөліске түспейді.

2. Сыйлық немесе мұрагерлік арқылы алынған мүлік. Неке кезінде сыйлыққа алынған немесе мұрагерлікпен өткен мүлік тек оны алған тұлғаның жекеменшігі болады.

3. Жеке пайдалануға арналған мүлік. Мысалы, киім-кешек, жеке заттар, әшекей бұйымдар (қымбат бағалы болса да) бөліске жатпайды.

4. Балаларға арналған мүлік. Балаларға арналған заттар немесе олардың атына жазылған мүлік (мысалы, шоттар немесе пәтер) те бөліске түспейді.

5. Некелік шарт (контракт). Егер ерлі-зайыптылар арасында некелік шарт жасалған болса, онда мүлікті бөлу шарт бойынша жүргізіледі. Некелік шартта мүлікті бөлісу тәртібі анық көрсетілуі мүмкін, соған сәйкес кейбір мүлік бөліске түспейді.

"Егер аталған жағдайлар болмаса және некелік шарт жасалмаса, жалпы ереже бойынша неке кезінде алынған барлық мүлік ортақ меншік болып саналады және бөліске түседі", - деді адвокат.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә