Жанашырлық білдіру - біздің табиғатымызда бар нәрсе. Адамның қандай ортада өскеніне және тәрбиесіне қарай бұл қабілет дами түседі. Сондықтан кей адамдар айналасындағыларға көмегін ұсынып жүреді, басқалары өзінің жеке қажеттіліктеріне назар аударады. Қалай десек те, кей адам түрлеріне көмектесудің қажеті жоқ. Қандай адамдарға көмектесудің қажеті жоқ және не үшін екенін материалдан оқыңыз.
Көмекті талап ететін адамдарға
Басына қиындық түскен адам басқалардан көмек сұрауға мәжбүр болған кезде әдетте өзін сенімсіз ұстайды. Алайда көмекті сұрағанға қарағанда талап ететін де адамдар бар. Олар жиі өзінің проблемасына айналасындағыларды кінәлайды және өз мойнынан жауапкершілікті түсіріп тастауға тырысады. Мұндай адамға көмектессеңіз, біріншіден, ол сіздің еңбегіңізді бағаламауы мүмкін. Екіншіден, сіз қанша тырыссаңыз да, ол сіз туралы "одан да көбірек көмек бере алатын еді" деп ойлайды.
Проблемасын өздігінен шешуге тырыспайтын адамдарға
Өз проблемасын өзі шешуге тырыспайтын адамға көмектесуге тырысудың қажеті жоқ. Мұндай адамнан алғыс алмайсыз және басқа адам ұзақ уақыт бойы жинаған проблемамен жалғыз өзіңіз күресуге мәжбүр боласыз. Оған қоса, ешқандай әрекет етпейтін адамға көмегіңізді ұсына берсеңіз, уақыт өте ол "сіз оған көмектесуге міндетті" деп қарайды.
Ниеті жаман адамдарға
Ол сіздің жақын адамыңыз болса да, егер оның өтініші сіздің принциптеріңізге қайшы келіп тұрса, оған көмектесудің қажеті жоқ.
Сіздің еңбегіңізді бағаламайтын адамдарға
Кей адамдарға шынымен де біреуге көмектескен ұнайды. Бұл өте жақсы қасиет. Бірақ егер қандай да бір адамның сіздің жұмсаған күшіңізді, уақытыңызды және еңбегіңізді бағаламайтынын байқасаңыз, келесі де оған осыншама тырысудың қажеті жоқ.