- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қанатың сынып қалады"...
"Қанатың сынып қалады" деді". Сара Тоқтамысова айтысқа шығуына кім қарсы болғанын айтты
Фото:
видеодан алынған кадр
Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова айтысқа шығуына әкесі қарсы болғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өте қарсы болды. Ол кісілер бұрыннан айтыстың фанаты болды. Қыз бала болғаннан кейін "біреу алдыңа бірдеңе деп айтса, қанатың сынады" деп айтатын. "Қанатың сынып қалады, балам. Айтыскер ақын деген (болу - еск.) оңай емес" деп ұрысатын. ...Кейіннен үлкен айтысқа шыққаннан кейін батасын беріп, қолдауын көрсетті", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова